CIP ЗАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
CIP залында жолаушыларға эксклюзивті қызмет көрсетулер мен тіркеу өту жүргізіледі және жайлы CIP залында ішкі немесе халықаралық рейстерге алдын-ала/ кейін ұшулардың ресми тіркеуін өткізе алады.
ҰШЫП КЕЛУДЕ:
CIP зал өкілі жолаушыларды ұшақ трапынан күтіп алады және жайлы CIP залына арнайы бөлінген көлікте бірге ілесіп апарады. Жолаушылар кедендік және төлқұжаттық бақылаудан өтеді, содан кейін әуежай жүкшілері жүкті алумен айналасып жатқан мезгілде, оларға сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылады.
ҰШЫП КЕТУДЕ:
CIP залының агенттері жолаушыларды тіркейді, жолаушыларға кедендік және төлқұжаттық бақылаудан (халықаралық рейстерде) өтулерінде көмектеседі. Содан кейін жолаушылардың қолайлы жағдайда бойын еркін ұстауға, бар қызметі мен сымсыз интернетті пайдалануға, С/К экраны бар теледидарларды көруге және баспа өнімімен танысуға мүмкіндіктері бар. Қонақтарға сусындар мен жеңіл тамақтарға ұсыныс жасалады. Отырғызуды жариялаған кезде, CIP залының агенттері жолаушыларды ұшақтың трабына арнайы бөлінген көлікте бірге ілесіп апарады.
CIP жолаушылары әрдайым ұшаққа отырғызуда және жүкті алуда басымдылықта болады.