Жолаушылар терминалы қазіргі заманға сай ұшулар туралы көрнекі хабарландыру жүйесімен жабдықталған. (Flight Information Display system). Терминалда орнатылған FIDS мониторларынан тәулік бойы ұшып кету мен ұшып келу туралы ағымдағы ақпараттарды уақытында біліп отыруға жолаушылардың мүмкіндіктері бар. Халықаралық ұшып кету залында 6 тіркеу бағаны мен ішкі ұшып кету залында – 9 және CIP залында - 2 тіркеу бағаны бар. Ішкі рейстер және Халықаралық рейсттер залында ұшаққа тіркеу мен отырғызу 1,5 сағат бұрын басталады және рейстің ұшып кетуіне 40 минут қалғанда аяқталады.
Жүкті алып жүру нормасын авиакомпания белгілейді, жолаушының тасымалдау жүгінің салмағы 20 кг және қол жүгінің салмағы 5 кг құрайды. Нормативтен тыс жүктер үшін тарифтері де авиакомпаниялармен бекітіледі. (артық жүкке төлем: Ішкі рейстерде 200 - 400 тг/ кг., халықаралық рейстерде 400 -800 тг/кг арасында ).
Барлық тұлғалар шекарадан өткенде миграциялық карточканы толтырады, сол карточкада тегі мен есімі, азамматтығы, бірген келген балалар саны (16 жасқа дейінгі), болу мақсаты, қабылдаушы тарап және тіркеу туралы белгісі көрсетіледі. Миграциялық карточкадағы тіркеу туралы белгісі миграциялық полициямен қойылады. ҚР аймағында болу мерзімі 5 тәуліктен аспайтын тұлғаларға миграциялық полицияда тіркелу қажет етілмейді.
Заңнама сәйкес, бір жолғы ақшалай қаражат баламының әкелім/әкетілімі 10 000 мың АҚШ долларынан аспаса жазбаша кедендік декларациясына жатпайды. Әкелім/әкетілім соммасы 10 000 мың АҚШ доллар баламынан асып түскен жағдайда, осы қаражатты жазбаша декларацияда көрсету қажет.
